Зейнетақы тағайындау туралы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызметтердiң сапасын жақсарту және көрсету уақытты қысқарту мақсатында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы азаматтарға зейнетақы төлемдерiн алдын-ала есептеу туралы кеңес бередi.
Кеңес алу үшiн және алдын-ала есептеу үшiн өтiнiш берушi зейнет жасына жеткенге дейiн үш ай бұрын мемлекеттiк корпорация филиалының әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiне жүгiне алады немесе құжаттарды Zeinetker@goscorp.kz электронды поштасына жiбере алады.
Кеңес алу үшiн сiзде жеке басын куәландыратын құжат, еңбек кiтапшасы, бiлiмi туралы диплом және әскери билетi болу керек. Сондай-ақ әйелдерге неке туралы, баланың туу туралы куәлiктерiн беру керек. Еңбек кiтапшасы болмаған жағдайда сiз мұрағаттық анықтамаларды, сот шешiмiн, жұмыс өтiлiн растайтын құжаттарды ұсына аласыз.
Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi өтiнiш берушi ұсынған құжаттарды заңға сәйкестiгiн тексередi. Еңбек өтiлiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарда сәйкессiздiк болған жағдайда филиал қызметкерi өтiнiш берушiге құжаттарды растау бойынша әрi қарайғы әрекеттер туралы хабарлайды.
Содан кейiн электрондық поштаға өтiнiш түскеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi алдын-ала есептеу туралы ақпарат бередi. Мемлекеттiк корпорация филиалының әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiне жеке жүгiнген кезде өтiнiш берушi сол күнi консультация мен алдын-ала есеп алады.