БЖЗҚ-ДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңiрлiк филиалдарында «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзедi.

Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау».

Қазiр зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бiр маңызды сұрақтардың бiрi — болашақ зейнетақыны қалыптастыру. Өйткенi әрбiр Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал бұған қалай қол жеткiзуге болады? Болашақ зейнетақының көлемiн алдын-ала есептеудiң жолы бар ма? Ерiктi жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септiгiн тигiзедi?

Қор мамандары мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк құрылымдардың өкiлдерi осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап беретiн болады.

«Ашық есiк күнi» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат — жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар беру.

Бiз сiздердi Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсiздiк данғылы, 3 мекенжайында күтемiз!

Дата публикации
27 ноября 2019