2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төлендi
2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшiн зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде:
- зейнет жасына толуға байланысты — 7,4 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 4,8 млрд теңге;
- сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 2,6 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша — 2,5 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты — 311 млн теңге;
- мүгедектiгi бар жандарға — 200 млн теңге төлендi.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы 100 803 теңге болды.
Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектiк, мұрагерлiк және сот шешiмi бойынша бiржолғы төлемдер кiредi. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем — 446 794 теңге болды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz