АЛТЫ МИЛЛИОННАН АСТАМ САЛЫМШЫ БЖЗҚ-ДАН ҮЗIНДI КӨШIРМЕНI ОНЛАЙН ТӘРТIБIНДЕ АЛАДЫ

Зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған.

Еске сала кетелiк, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегiн алуға құқылы. Бұл заң жүзiнде бекiтiлген құқық.

Бүгiнде салымшылармен алушылар зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты:

•Қор кеңсесiне тiкелей келу;

•пошта байланысы;

•электрондық тәсiлдер:

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта;

- интернет байланысы (логин мен құпиясөз (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмi және ұялы телефонға жүктелген ENPF мобильдi қосымшасы);

- электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинет (ЭЦҚ немесе mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына келетiн бiр реттiк sms-пароль) арқылы ала алады.

Ең ыңғайлы және жылдам тәсiл — бұл үзiндi көшiрменi БЖЗҚ сайты немесе электрондық үкiмет порталының жеке кабинетi арқылы алу. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның смартфон немесе планшеттерге арналған жаңартылған мобильдi қосымшасын пайдалануға болады.

Барлығы 5,6 миллион адам зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы алған.Бiр жыл iшiнде интернет байланысы тәсiлiн таңдағандар саны 500 мыңға жуық адамға көбейдi. 860 мың адам үзiндi көшiрменi электрондық пошта арқылы алады. Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ филиалына келiп алу — танымалдығы жағынан екiншi орында. Бұл тәсiлдi шамамен екi миллионға жуық адам таңдаған. БЖЗҚ-дан ақпаратты пошта байланысы арқылы алушылар саны бiртiндеп азаюда. Бұл жағдайда iшiне үзiндi көшiрме салынған хат оларға жылына бiр рет жiберiледi. Қазiргi уақытта бұл тәсiлдi таңдағандар саны — 1,3 млн адам. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға төмен.

Еске саламыз, салымшы мекенжайын ауыстырған жағдайда бұл туралы Қорға хабарлауға мiндеттi. Егер хабарламаса, БЖЗҚ келесi жылы үзiндi көшiрме салынған хатты оған жiбермеуге құқылы.

Салымшы ыңғайлы хабарлау тәсiлiн таңдау үшiн жеке басын куәландыратын құжатпен Қордың жергiлiктi кеңсесiне жүгiнуi тиiс. Егер ЭЦҚ болса, Қор кеңсесiне келмей-ақ, хабарлау тәсiлiн enpf.kz сайтының Жеке кабинетi арқылы таңдауға немесе өзгертуге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
13 марта 2020