2020 ЖЫЛДЫҢ АҒАШҚЫ АЙЫНДА БЖЗҚ САЛЫМШЫЛАРЫНА 1,5 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан берi 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлiгi, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсiм — 2 пайыз. Дегенмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерiн алу үшiн Қор мамандарына жүгiнгендi жөн санайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ кеңселерiнде Қазақстан бойынша орта есеппен күн сайын 9 мыңдай операция орындалды.

Ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. Бiр ай iшiнде 1,3 миллионнан астам үзiндi көшiрме (олардың 93,2 пайызы — электрондық форматта) берiлген. Сонымен қатар салымшылар мен алушылардың жеке деректемелерiн өзгерту қызметi де сұранысқа ие. Бұл қызметтер негiзiнен (85%) Қор кеңселерiнде көрсетiледi.

Айта кетелiк, егер электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, жеке деректемелердi (электрондық мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы) enpf.kz сайтында өзгертуге болады. Оны «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiне барып өзгертуге де мүмкiндiк бар.

Бiр ай iшiнде шамамен 51 мың салымшы жеке зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн өзгерткен. Салымшылар үзiндi көшiрме алу тәсiлiн негiзiнен Қор кеңселерiнде (42,7 мың қызмет) және көшпелi қызмет көрсету барысында (5,7 мың қызмет) ауыстырған. Хабарлау тәсiлiн ауыстыру қызметiне сұраныс әсiресе қыз мезгiлiнде артады. Мысалы, 2020 жылдың алғашқы айында бұл қызмет бойынша өсiм — 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда екi еседен жоғары болды. Мұның негiзiнен «Мобильдiк кеңсе» жобасы есебiнен өскендiгiн айта кеткен жөн. Жоба аясында салымшыларға қызмет көрсетуде жасанды жер серiгi байланысы қондырғысымен жабдықталған шағын автобус пайдаланылады.

Осылайша шалғай елдiмекендердiң тұрғындары Мобильдiк кеңсе арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу, зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн өзгерту және басқа да қызметтердi ала алады.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ мобильдi кеңселерi елiмiздiң 10 облысында (Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары) жұмыс iстейдi.

Ал 2020 жылы «Мобильдiк кеңсе» жобасы Батыс Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
21 апреля 2020