2020 жылдың ақпанында Қор жалпы алғанда 182 996 алушыға төлем жасады
2020 жылдың 1 наурызына жалпы сомасы 32,1 миллиард теңгенi құрайтын 308 мыңнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:
- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 12,2 млрд теңге;
- ТТЖ кетуге байланысты — 8,4 млрд теңге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 5,4 млрд теңге;
- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 5,2 млрд теңге;
- жерлеуге төлемдер — 595,8 млн теңге;
- мүгедектiк бойынша төлемдер — 360,2 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты) 22 026 теңгенi, ал ай сайынғы төлемнiң ең жоғарғы сомасы 506 980 теңгенi құрады.