ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫ 11 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСЫП ТҮСТI

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 наурызындағы негiзгi көрсеткiштерi

Қазақстанның аса маңызды қаржы институттарының бiрi «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерi 2020 жылдың алғашқы екi айында 283 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтардың зейнетақы жинақтары 11 триллионнан асып, екi айдағы өсiм 3% жеттi.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша қалыптасты және соңғы 12 айда 17% — ға ұлғайып, 10,8 трлн теңгенi құрады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 257 млрд теңге (өсiм 25%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеге (өсiм 6%) жуық.

Айта кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны — 10 498 852 бiрлiк (ЖСН жоқ, деректемелерi толық емес техникалық шарттарды есепке алмағанда) болды. Өткен жылдың наурыз айынан бастап өсiм 3%. ЖЗШ-лардың басым бөлiгiн мiндеттi зейнетақы жарналары — 9,9 млн (өсiм 3%), одан кейiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары — 514 мың шотты (өсiм 6%) құрады. Ең үлкен өсiм ерiктi зейнетақы жарналары бойынша байқалды, 2020 жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да ЕЗЖ бойынша 55 221 шот болды, бұл 2019 жылғы көрсеткiштен 12% жоғары.

БЖЗҚ-ның техникалық шарттар бойынша жұмысын атап өту маңызды. Бұған сәйкестендiрiлмеген салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-лары жатады, мұндай шоттарда жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) жоқ, сондай-ақ тегi, аты, әкесiнiң аты мен туған күнi бойынша қате деректемелер көрсетiлген (ЖСН жоқ ЖЗШ). 2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейiн БЖЗҚ қызметкерлерi осындай 20 мыңнан астам шоттарды анықтап, олардың жалпы санын 11% қысқартуға қол жеткiзiлдi. Осылайша ағымдағы жылдың 1 наурызына БЖЗҚ-да 186, 8 тыс. техникалық шарт қалып отыр.

Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы орташа жинақ көлемi (техникалық шарттарды есепке алмағанда) 1,11 млн.теңгеге жеттi, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 12% жоғары.

2020 жылдың алғашқы 2 айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 175,2 млрд. теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2019 жылдың алғашқы 2 айындағы көрсеткiштен 20% артық. Төлемдер 32,1 млрд.теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi жасына байланысты (12,2 млрд. теңге), ҚР шегiнен тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (8,4 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (5,4 млрд. теңге), мұрагерлерге (5,2 млрд. теңге) берiлген төлемдерден тұрады. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына аударылған таза инвестициялық кiрiс 139,9 млрд.теңге мөлшерiнде есепке алынды.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
26 августа 2020