1. Қайырлы күн, қазiр бүкiл әлем бойынша коронавирус пандемиясы өршiп тұр. Мен мейрамхана саласында жұмыс iстеймiн, бiздi карантинге байланысты ақысыз демалысқа жiбердi. Өкiнiшке орай, көпшiлiк сияқты бiздiң де ақшамыз таусылды, ал азық-түлiк күн сайын қымбаттап жатыр. Менiң БЖЗҚ-дағы шотымда 200 мың теңге көлемiнде шағын ақшам бар, мен оны зейнетке шыққанға дейiн мерзiмiнен бұрын ала алам ба?
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатыңызды мерзiмiнен бұрын алу мүмкiн емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтерiне құқығы заттық құқықтар қатарына жатады және тек Заңда айқындалған мақсаттарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға пайдаланылуы мүмкiн.
Осылайша БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегi адамдар ие:
1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас;
2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес зейнетақы төлемiн қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау жолымен ерлер — 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жоғарыда көрсетiлген жағдайларда ғана жүзеге асыруға құқылы.
Есiңiзге сала кетейiк, төтенше жағдай кезеңiнде табысынан айрылған азаматтар, атап айтсақ, еңбекақысы сақталмаған мәжбүрлi демалысқа шығумен байланысты Сiздiң жағдайыңызда, төлемдер Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берiледi. Бiр қызметкерге төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi бiр ең төменгi жалақыны немесе айына 42,5 мың теңгенi құрайды. Толығырақ Сiз egov.kz электрондық үкiмет порталынан не https://42500.enbek.kz сайтынан бiле аласыз.
2. Анам 54 жаста, ол ресми түрде жұмыс iстемейдi, тек өзi тiккен бұйымдарын сатумен айналысады. Бiз, балалары, ол кiсiге ақша жағынан көмегiмiздi берiп отырамыз, бiрақ анам еңбек өтiлiнiң өте аз болғаны үшiн алаңдайды. Болашақта базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дан берiлетiн төлемдердi алу үшiн ол кiсiге зейнетке шыққанға дейiн еңбек өтiлiн қалай көбейтуге болады? БЖТ төлеу жеткiлiктi ме?
Иә, Сiздiң жағдайыңызда Бiрыңғай жиынтық төлем жақсы шешiм. БЖТ төлеу үшiн салық органдарына тiркелудiң қажетi жоқ, тек бiрыңғай жиынтық төлемнiң белгiленген сомасын төлеу қажет. Ай сайынғы бiрыңғай жиынтық төлем мөлшерi республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшiн — 1 АЕК (2651 теңге.), басқа елдi мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшiн — 0,5 АЕК (1325.5 теңге.). Төлем екiншi деңгейдегi банктер арқылы Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясының (ХҚКО) шотына бiр сомамен жүзеге асырылады. Төлем жасау үшiн банкте ағымдағы шот ашу талап етiлмейдi. Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттiк корпорация мынадай пропорцияда бөледi: 10% — жеке табыс салығы (ЖТС); 20 % — әлеуметтiк аударымдар (ӘА); 30 % — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40 % — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлiк жасқа толған адамдар үшiн төлемнiң барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтiк төлемдерге бөлу жүргiзiлмейдi.
Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi мен қалыптастырған жинақ көлемiне қарай зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi. Яғни, анаңыз расталған еңбек өтiлi бойынша базалық зейнетақы алу мүмкiндiгiне ие болады. Бұған қоса БЖТ төленгеннен кейiн анаңыз мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болады және медициналық мекеменi таңдау құқығымен сомасы мен түрлерi бойынша шектеусiз медициналық қызметтерге қол жеткiзедi, сондай-ақ ол еңбек ету қабiлетiнен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа да жағдайларда әлеуметтiк төлемдердi ала алады.
Сонымен қатар келешекте лайықты зейнетақы алуды қамтамасыз ету және анаңыздың зейнетақы шотын толықтыру үшiн Сiз немесе анаңыз ерiктi зейнетақы жарналары аударымдарын жасап отырсаңыздар болады. Жарна мөлшерi мен ЕЗЖ төлеу кезеңдiлiгiн, сондай-ақ ЕЗЖ төлеу құқығы туындаған кезде жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртiбiн өзiңiз белгiлейсiз. Ерiктi зейнетақы жарналарын төлеудi өз еркiңiзбен жүзеге асыруыңыз керек. Ол үшiн БЖЗҚ-мен шарт жасап, БЖЗҚ-ға ерiктi аударымдарды Шартта көрсетiлген банк деректемелерi бойынша аудару қажет. Ыңғайлы болу үшiн БЖЗҚ сайтында ЭЦҚ-ның өзектi кiлтi арқылы ерiктi зейнетақы шотын ашу бойынша онлайн қызмет iске асырылды. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктiк сервистер — Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады. Нәтижесiнде ЕЗЖ анаңыз үшiн базалық зейнетақыға тамаша қосымша төлем болуы мүмкiн.
3. Сәлеметсiз бе, бiз қала үлгiсiндегi шағын кентте тұрамыз. Бұрын әкем жеке шотынан үзiндi көшiрме алу үшiн БЖЗҚ филиалына өзi баратын. Қазiр бiздiң елде ғана емес, бүкiл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты ол кiсi сiздердiң бөлiмшелерiңiзге бара алмайды. Зейнетақы шотына аударылған түсiмдердi үйден шықпай-ақ қалай бақылап отыруға болады?
Сiз БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңыздағы қаражат қозғалысын үйден шықпай-ақ, өзiңiзге ең ыңғайлы әдiстi таңдап, оп-оңай қадағалай аласыз. Үзiндi көшiрме алудың ең жылдам жолы — электрондық тәсiл. Үзiндi көшiрменi enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе egov.kz. электрондық үкiмет порталы арқылы алуға болады. Оған кiру үшiн сайтқа тiркелiп, өз деректерiңiз бен паролiңiздi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткiлiктi. ЭЦҚ-ны egov.kz порталынан онлайн алу мүмкiндiгi де жасалған.
Сiз смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшаны да пайдалансаңыз болады. Ұялы қосымшаға тiркелу үшiн пайдаланушы ұялы телефонына смс-хабарламамен жiберiлетiн бiржолғы парольдi қолданады. Ұялы қосымшада авторланудың екi түрлi тәсiлi бар: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ пайдаланушы ұялы құрылғысында бар болса, Android үшiн Touch ID және IOS үшiн Face ID мен IOS арқылы кiре алады.
БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сiз жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрме ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиi қойылатын сұрақтарға жауап беретiн онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа көптеген мүмкiндiктерге қол жеткiзе аласыз.
4. Сәлеметсiздер ме, менiң есiмiм Николай, жасым 61-де, яғни зейнеталды жастағы адаммын. Жақында жұмыста сөгiс алдым және бастығыммен дауыс көтеруге дейiн барған кикiлжiң орын алды. Ол маған жұмыстан босатып қана қоймай, зейнетақы шотыма салынған қаражатымды да шешiп алатыны туралы айтып, қорқытпақшы болды. Менiң зейнетақы жинағымның жай-күйi туралы үзiндi көшiрменi менен басқа кiм көре алады, түсiндiрiп берiңiзшi!?
Уайымдауға еш негiз жоқ, себебi, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәлiмет зейнетақы жинақтарының құпиясы болып табылады. Сiздiң бастығыңыз Сiздiң орныңызға жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрменi ала алмайды. Кез келген үшiншi тұлғаға ақпарат беру тек нотариалды куәландырылған сенiмхат немесе сот шешiмi болған кезде ғана мүмкiн. Ал Сiздiң жеке зейнетақы шотыңыздан ақша шешiп алу тiптi де мүмкiн емес, себебi оған жарналар Сiздiң жалақыңыздан аударылады және жинақ Сiздiң жеке меншiгiңiз болып есептеледi, оны тек өзiңiз заңда көзделген жағдайларда ғана пайдалана аласыз.
5. Аз уақыт бұрын әжемiз өмiрден озды. Жерлеу рәсiмiн өткiзгеннен кейiн бiздiң есiмiзге БЖЗҚ-да әжемнiң зейнетақы шоты бар екенi түстi. Ол кiсiнiң шотында қалған қаражаты туралы үзiндi көшiрменi қалай алсақ болады? Мен немересiмiн.
Салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтамалар заң немесе өсиетте көрсетiлген мұраға құқық туралы куәлiкке сәйкес мұрагер болып табылатын тұлғаларға немесе соттарға олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша ұйғарым негiзiнде жазбаша сұраныс бойынша берiлетiндiгiн ескерткiмiз келедi. Бұдан бөлек, жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда, нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргiзуiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
Сонымен қатар алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, зейнеткерлiк жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған адамға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 52,4 еселенген айлық есептiк көрсеткiш, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшердегi (2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгеге тең, тиiсiнше, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем 138 912 теңгенi құрайды) жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем жүзеге асырылады. Егер жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен аспайтын соманы құрайтын болса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретiнде төленедi.
Зейнетақы жинақтары өсиет немесе заң бойынша мұраға қалдырылады. Өсиет мүлде болмаған не ол мұраның тағдырын толық айқындай алмайтын, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлiк ресiмделедi.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 6-бөлiмiне (мұрагерлiк құқық) сәйкес мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Мұра мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде қабылдануы мүмкiн.
Қажеттi құжаттардың тiзбесi беру тәсiлiне қарай БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/heir.php сайтында орналастырылған.