«БЖЗҚ» АҚ «АШЫҚ ЕСIК КҮНIНЕ» ШАҚЫРАДЫ ТАҚЫРЫП: «АЛҒАШҚЫ ЖАРНА — БЖЗҚ-ҒА ҚОШ КЕЛДIҢIЗ».

БЖЗҚ 2020 жылғы 27 тамызда ерекше виртуалды «Ашық есiк күнiн» өткiзедi.

Күн тәртiбiндегi басты мәселе — жаңа салымшыларды Қор жұмысымен таныстыру. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгiзiлген өзгерiске сәйкес 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерiне келудiң қажетi жоқ екенi белгiлi. 2020 жыл басынан берi автомат түзiмде 1 миллионнан астам жаңа шот ашылған атап көрсетемiз және олардың иелерiнiң көпшiлiгi «БЖЗҚ» АҚ жұмысымен алғаш рет «Ашық есiк күнiнде» танысады.

Қор мамандары Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi, өз зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңызы, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлдерi туралы айтып бередi, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейдi, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары және көптеген басқалар туралы ақпаратпен бөлiседi.

Үйден шықпай-ақ iс-шара тақырыбындағы сауалдарға ғана емес, зейнетақы жүйесi мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты басқа да сауалдарға жауап алу мүмкiн болады.

«Ашық есiк күнiнiң» 27 тамызда (уақытын филиал жазады) онлайн платформада өтетiнiн еске саламыз. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әрбiр қатысушы (әр филиалға бөлек сiлтеме жазылады) сiлтемесiмен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмiрi (филиалдың өзi жазады) мен event-жиналыс паролi (филиалдың өзi жазады) енгiзiледi.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет бiлдiрушiлердi «Ашық есiк күнiнде» күтедi!

Дата публикации
26 августа 2020