Карантин жағдайында тұрғындар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өңiрлiк филиалдарында келесi жұмыс режимiн ұйымдастырды.
Алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету режимi сегiз облыстық филиалдарда — Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарында, сондай Жезқазған қаласындағы өңiрлiк филиал мен Нұр-Сұлтан қаласында ( Республики 4 даңғылы мекенжайы бойынша бөлiмшеде) жүргiзiлетiн болады.
Жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз филиалға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртiбi 9:00-ден 18: 00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.
Түскi үзiлiс кезiнде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейiн операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртiп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында жұмыс үстелiнiң үстiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екi техникалық үзiлiс қарастырылған.
Қалған облыстарда 31 тамызға дейiн аймақтағы жағдайларды ескере отырып, бiрқатар шектеу шаралары күшiнде қалдырылады. БЖЗҚ кеңселерi қашықтан қызмет көрсету және құжаттарды байланыссыз қабылдау қызметтерiн көрсетедi.
Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейiн созылады. Байланыссыз қызмет көрсететiн филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.
Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);
- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);
- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.
- I/II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;
- мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, соның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келiсiм-шартқа қосылу туралы өтiнiштi ресiмдеу;
БЖЗҚ қызметiнiң өзге де түрлерiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде ала аласыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).
БЖЗҚ сондай-ақ, аймақтарда қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, көшпелi қызметiн ұйымдастырды. Бұл ретте алдын ала кеңес беру де жүзеге асырылады (соның iшiнде сапарға шықпай, қызметтердi қашықтан алуға болатын мүмкiндiктi тексеру). Азаматтарға көшпелi қызмет көрсету барысында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу (соның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келiсiм-шартқа қосылу туралы өтiнiштi ресiмдеу) қызметтерi көрсетiледi. Сондай- ақ, Қордың қызмет түрлерi тұрғындардың әлеуметтiк осал топтары санатына жататын ( мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген 1-2 топтардағы жандар) салымшыларға (алушылар) санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, көрсетiледi.
Сонымен қатар Қор қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан көрсетiлетiн қызметтердi төмендегi тәсiлдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан да дайын:
1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);
2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;
3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;
4) Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;
5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;
6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.
Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы ("Қазпошта" АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.
«БЖЗҚ» АҚ барлық филиалдарының тiзiмi мен олардың жұмыс режимдерi Қор сайтында қолжетiмдi.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).