2017 ЖЫЛҒЫ 08 ТАМЫЗҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРЫ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ҚҰРАМЫНА КІРМЕЙТІН КЕНТТЕРІ МЕН АУЫЛДАРЫ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫН ӘЗІРЛЕУ МЕН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Аршалы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2017 жылғы 23 маусымдағы
№ 53/1 қаулысымен бекiтiлген

2017 жылғы 08 тамызға тағайындалған
аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi,
ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң
сайлауын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың
күнтiзбелiк жоспары

1. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күнi туралы хабарды жеткiзу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
(11т.)

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау тағайындалғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей.
(9 т., 7), 1) тт.)

3. Әкiмдiкке кандидаттарды балама негiзде аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi әкiмнiң ұсынымы мен кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидаттар ретiнде дауысқа түсуге келiсетiнi туралы өтiнiштердi беруi арқылы ұсыну.

Аудан (қала) әкiмi.
Сайлау күнiнен 30 күн бұрын — 2017 жылғы 09 шiлдеде басталады және
сайлау күнiне 25 күн қалғанда — 2017 жылғы 13 шiлдесiнде аяқталады.
(13,14,15 т.т.)

4. Таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау және оларды дауыс беруге арналған пунктте iлу.

Аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi мәслихат
хатшысының ұсынуы бойынша.

(48 т.)

5. Әкiмдiкке кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағында және Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу ережесiнде қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтау, тиiстi хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Үш күннiң iшiнде.
(12, 17, 19 т.т.)

6. Тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына 2017 жылғы 1 шiлдеге табыстары және мүлктерi туралы декларация тапсыру.

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы).
Кандидат тiркелгенге дейiн.
(18 т.)

7. Кандидаттарды тiркеу және тиiстi куәлiк тапсыру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Барлық қажеттi құжаттар алынғаннан кейiн басталады және
дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда — 2017 жылғы 23 шiлдеде аяқталады.
(20, 24 т.т.)

8.Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен кандидаттардың тiркелгенi туралы хабарлау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидаттар тiркелгеннен кейiн 7-шi күннен кешiктiрмей
(22 т. 1) тт.)

9.Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табыстары және мүлктерi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру.

Салық қызметi органдары.
Кандидат жәгн оның зайыбы (жұбайы)
декларацияны тапсырған күннен бастап 7 күннiң iшiнде.
(19т.)

10. Кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркеу және оларға тиiстi куәлiктер беру.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сенiм бiлдiрiлген адамдардың тiзiмдерiн тiркеу үшiн
берген сәттен бастап.
(9 т. 2) тт., 33, 34 т.т.)

11.Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулерi үшiн шарт негiзiнде үй-жайлар беру.

Кандидаттардың бөлiнген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесiн жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Жергiлiктi атқарушы органдар және
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары.
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу кезеңiнде.
(9 т. 1), 7) тт.)

12. Сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу.

Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.
Кандидаттарды тiркеу аяқталған күннен 24 шiлдеден басталады және
2017 жылғы 06 тамызда жергiлiктi уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.
(28 т.)

13.Аумақтық сайлау комиссияларында сайлау қорларын тiркеу.

Әкiмдiкке кандидаттар, олардың сенiм бiлдiрiлген адамдары.

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына (Қазақстан Республикасы
орталығы сайлау комиссиясына 2010ж.19.08. № 7/8 қаулысы)
кандидаттың өтiнiш жасаған сәтiнен бастап бiр күнтiзбелiк күннiң iшiнде.
(9 т. 1),7) тт., 41,42 т.т.)

14.Сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Кандидат тiркелгеннен кейiн.
(9 т. 1), 7) тт., 43т.)

15.Дауыс беруге арналған пункттi ашу, тиiстi хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Дауыс берудiң басталуына бiр сағат қалғанда.
(52 т.)

16.Әкiмнiң сайлауын өткiзу.

Әкiмдi сайлау жөнiндегi дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерiн жария ету, әкiмдi сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Бiр күннiң iшiнде — 2017 жылғы 08 тамыз.
(47-54 т.т.)

17. Сайланған әкiмдi тiркеу. Шешiмдi жоғары тұрған әкiмге және тиiстi мәслихатқа ұсыну.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күндiк мерзiмде
 — 2017 жылғы 13 тамыздан кешiктiрмей.
(57 т.)

18. Кандидаттың сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы аумақтық сайлау комиссиясына есеп беру.

Әкiмдiкке кандидаттар.
Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн
5 күннен кешiктiрмей-2017 жылғы 13 тамызынан кешiктiрмей.
(44 т.)

19. Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары және сайланған әкiмдi тiркеу туралы хабар жариялау.

Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау өткiзiлген күннен бастап 7 күннен кешiктiрмей
-2017 жылғы 15 тамыздан кешiктiрмей.
(9 т. 1), 7) тт., 59 т.)

Дата публикации
26 июня 2017