АРШАЛЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ОРЫНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық округтерi, ауылдық округiнiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық округтерi, ауылдық округiнiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiлiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларына сәйкес, Аршалы аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

төрайымы — Асанова Людмила Сабировна;

төрайымының орынбасары — Сабыржанов Мұқтар Балғожаұлы;

хатшысы — Акубасова Сауле Барлыбаевна;

комиссия мүшелерi – Руденко Марина Альгердовна, Рысмагамбетов Меирхан Куандыкович, Сыздыкова Гульнур Карасаевна, Тумашова Людмила Николаевна.

Орналасқан орыны: Аршалы кентi, Тәшенов көшесi 47, Аршалы

ауданы әкiмi аппаратының әкiмшiлiк ғимараты, байланыс телефоны 8 (716-44) 2-26-62

Л.Асанова, комиссия төрайымы

Дата публикации
26 июня 2017