2017 жылғы 23 маусым Аршалы кентi
Аршалы ауданы Қазақстан Республикасы
аудандық маңызы бар қалалық,
ауылдық округтерi, ауылдық округiнiң
құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары
әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу туралы
«Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық округтерi, ауылдық округтерi, ауылдық округiнiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалық, ауылдық округтерi, ауылдық округiнiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiлiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидасының 6, 45 тармақтарына сәйкес, 2013 жылғы 8 тамызда сайланған Аршалы ауданының ауылдық округтерi әкiмдерiнiң уәкiлеттiлiк мерзiмiнiң аяқталуына байланысты, Аршалы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.2013 жылғы 08 тамызда сайланған Аршалы ауданының Арнасай, Анар,Ақбұлақ, Бiрсуат, Бұлақсай, Волгодонов, Ижев, Михайлов ауылдық округтерi әкiмдерiн сайлау 2017 жылғы 08 тамыз сағат 10.00-ге (Аршалы кентi, Тәшенов көшесi, 47, мәжiлiс залы) тағайындалсын.
2.Әкiмдерге сайлауөткiзу және дайындық бойынша күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн.
3.Әкiмге кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 09 шiлдесiнен басталады және 13 шiлдесiнде аяқталады.
Әкiмдерге кандидаттарды тiркеу барлық тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн басталады және 2017 жылдың 23шiлдесiнде аяқталады.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы Л.Асанова