Бесiншi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiн тарату және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 63-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Бесiншi шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi таратылсын.
2. Партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалсын.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындауды және өткiзудi ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiндегi барлық қажеттi шараларды кiдiрiссiз қабылдасын.
6. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Назарбаев