«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020200 индексi, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кентi, Тәшенов көшесi 47, 307 кабинет, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(71644)21870 (iшкi 108), факс 8(71644)21352, электрондық мекен-жайы: yu.valchuk@akmo.gov.kz) Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурс жариялайды:
1. «Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмi аппараты» мемлекеттiк мекемесi Бiрыңғай персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) ,басшысы, санаты Е-3, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiмнiң қызметiне басшылық жасау. Кадрларды таңдау және орналастыруға, мемлекеттiк қызметтерге өту мәселелерiне, кадрлық резервтi тиiмдi толтыруға, мемлекеттiк қызметкерлердiң конкурстарын, аттестациялары, кәсiби бейiмделу және тәлiмгерлiк жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, аудандық мемлекеттiк қызметкерлердiң қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн бағалауын, тағылымдамасын, тәртiптiк жазаларын салуын өткiзу. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қызметкерлердiң деректер банкiн сараптамасын жасау және қалыптастыру. Мемлекеттiк қызметкерлердi оқыту, қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру бойынша жұмыстар ұйымдастыруын бақылау. Кадрлық мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауын; мемлекеттiк марапаттарға ұсынылған тұлғаларға материалдар әзiрлеуiн, мемлекеттiк марапаттарды сақтау және ұсынуды, «ИНТЕГРО» ЫАЖ және «Е-қызмет» ЫАЖ жүргiзуiн бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету салалары
«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бiр жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесiнiң болуы;
7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес;
2. «Аршалы ауданының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдықеңбекақысыеңбекеткенжылынақарай 142412теңгеден 192382 теңгегедейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:бөлiмнiң қызметiне басшылық жасау. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметкерлер қызметтерiнiң тиiмдiлiгiне бағалауды өткiзу. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мәселесiнде мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға бақылау жасау және ұйымдастыру. Мемлекеттiк қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң (кейiн ШКС) жеңiлдiк шарттарымен пайдалануға; ғылыми-техникалық талдау және технология; ШКС мемлекеттiк тiркеудi жеңiлдiк тәртiбiнде белгiлеуге, олардың қызметтерiн лицензиялауға, олардың өнiмдерiн сертификаттауға; ШКС белгiленген құқықтық режiмiне, кедендiк баж төлемдерiне; шетелдiктердi қоса инвестицияны тарту және пайдалану жүйелерiн құруға бақылау жасау. «Қазақстан — 2030», өңiрлiк орта мерзiмдiк бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша кешендi жұмыстардың ұйымдастырылуына бақылау жасау. ШКС қолдау және несиелеу бойынша шараларды әзiрлеуге қатынасу, кәсiпкерлiктi дамыту мәселесiне талдау жасау. Мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу жүргiзуiн, «Е-қызмет» ЫАЖ, мұрағаттық және кадрлық iс қағаздарын жүргiзуiн, ауданда туристiк қызмет саласындағы үйлестiрудi жүзеге асыруын бақылау. Жер қойнауын пайдалану және туризм саласындағы мониторинг.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар салаларында жоғарғы бiлiм.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.
3. «Ижевск селолық әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң бас маман-бухгалтерi, «Е-G-3» санаты, 1 бiрлiк (№ 01-3).
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 90962теңгеден 122463 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:жоспарлау, дамудың орташа жылдамдық жоспарын, аппарат бойынша бюджеттiк өтiнiмдi жиынтықтау және қалыптастыру. Бухгалтерлiк, салықтық және статистикалық есеп пен қаржылық есептеменi жүргiзу. Мекеменiң материалдық құндылықтарының сақталуын бақылау және есебiн жүргiзу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес салаларында жоғары бiлiм, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда жоғары көрсетiлген мамандықтар бойынша орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.
Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
1)осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.
Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкiмет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.
Құжаттар Аршалы ауданы әкiмдiгiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.
Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Аршалы ауданының әкiмi аппаратында өтедi.
Қағидаларының 54-тармағына сәйкес басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________
(мемлекеттiк орган)
Өтiнiш
Менi______________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.