ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 5 мамырда Аршалы ауданы Ижев ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Аршалы ауданы Ижев ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ижев сайлау округі
Ижев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1179 азамат енгізілді, олардың 831-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 24.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Баймағамбетов А.Д. – 71; Қажетов А.Қ. – 53; Чернов Д.М. – 661.
1983 жылы туған, Аршалы ауданы Ижев ауылдық округінің әкімі Дмитрий Николаевич Чернов Ижев ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Аршалы ауданы Аршалы кентінде тұрады, «AMANAT» партиясы ҚБ ұсынған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 6 мамырдағы шешіммен 2024 жылғы 5 мамырда сайланған Аршалы ауданы Ижев ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы