2024 жылға арналған Аршалы ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Нормативтік құқықтық актілерді

әзірлеу, келісу және мемлекеттік

тіркеу қағидасына

1-қосымша

  

 

2024 жылға арналған Аршалы ауданында шетелдіктер үшін

туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы шешімінің жобасына

түсіндірме жазба

жобаның атауы

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы – «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес
  3. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай – ақ қажет болған жағдайда - республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) - Шешімнің жобасын жүзеге асыру қаржы шығындарын қажет етпейді.
  4. Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай - ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің әсері – Шешімнің жобасын қабылдау жағымсыз әлеуметтік және/немесе экономикалық зардаптарға дұшар етпейді.
  5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаға 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, болу құнының 0% мөлшерінде тіркелген ставка қолданылады.
  6. Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер – Жоқ.
  7. Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттілік болмаған жағдайда – Қажет етпейді.
  8. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) – Аршалы ауданының әкімдігі сайтында, «Ашық НҚА» порталында 3 мамыр 2024 жылы, 164 КБ орналастырылған.
  9. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында – Аршалы ауданының әкімдігі сайтында орналастырылған.
  10. Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі – Сәйкес келеді.
  11. Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері – Жоқ.

 

 

«Аршалы ауданының

ауыл шаруашылығы,

жер қатынастары

және кәсіпкерлік бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

Дата публикации
03 мая 2024