Ижев ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу туралы

Ижев ауылдық округі әкімінің

сайлауын дайындау және өткізу туралы

 

 

          Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы №5/7 қаулысымен а.ж. 5 мамырға Ижев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы тағайындалды. Ижев ауылдық округінің шекарасында Ижев сайлау округі құрылды. Ижев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

          Үміткерлерді ұсыну 28 наурызда басталып, 2024 жылдың 9 сәуірде сағат 18.00-де аяқталды. Көрсетілген кезеңде 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 1 кандидат «AMANAT» ҚБ партиясынан ұсынылды.

          Сайлау бюллетеніне әкімге 3 кандидат енгізілді.

          Сайлау науқаны ағымдағы жылдың 14 сәуірде сағат 18.00-ден кейін басталып, 3 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

          Сайлауды ұйымдастырушылар Ижевское ауылында орналасқан №135 учаскелік сайлау комиссиясы болып табылады.

          Қазіргі уақытта учаскелік комиссия жұмысқа кірісті, сайлау учаскесі мен ақпараттық стендтер ресімделді, онда алдағы сайлау, тіркелген кандидаттар туралы ақпарат орналастырылды. Ижевское ауылының аумағында өтетін сайлау туралы ақпарат жазылған екі ақпараттық баннер мен 10 ақпараттық плакат ілінген.

          Ижев ауылдық округінің сайлаушылары 19 сәуірден бастап сайлаушылар тізімімен таныса алады, барлық сұрақтар бойынша Ижев ауылдық округінің сайлау учаскесіне және Аршалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жүгінуге болады.

          Барлық қажетті ақпарат аудандық «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінде, сондай-ақ Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Интернет парақшасында Аршалы ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

 

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
22 апреля 2024