«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

                          «Аршалы  ауданы әкімінің аппараты» ММ

                           конкурс туралы ақпарат

 

           Құжаттарды қабылдау мерзімі: 05.04.2024 - 11.04.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 12.04.2024

Мәтіндік және сандықа қпаратпен жұмысістеу қабілетін бағалау: 17.04.2024 

Сұхбат: 24.04.2024  (17-00)

Анықтама телефоны:87164421870

E-G-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 181094

Блок - Б

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

 «Константинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, «E-G-4»санаты.

 

Функционалдық міндеттері:

 

Мемлекеттік мерекелерді, мерейтойлық мерзімдерге байланысты іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу. Әскери есеп және броньдау, әскери есепке алу және шығару бойынша жұмыстарды, жас ер азаматтарды учаскеге бекіту және ҚР Қарулы күштері қатарына шақырылушыларды жіберуге әзірлеу; әлеуметтік карталар бойынша есептілікті анықтау және жасау, мекен-жайлық әлеуметтік көмек және балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстар ауқымын бақылау.

 

Білімі бойынша талап:

 

Педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе қызмет көрсету немесе денсаулық сақтау немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласында    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім .

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
04 апреля 2024