Аршалы ауданы Ижев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын 2024 жылдың 5 мамырға тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданының Ижев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 наурыздағы №5/7 қаулысына сәйкес 2024 жылдың 5 мамырға Ижев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Ижев ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында)
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы