«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

                          «Аршалы  ауданы әкімінің аппараты» ММ

                           конкурс туралы ақпарат

 

          Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.03.2024 - 21.03.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.03.2024

Мәтіндік және сандықа қпаратпен жұмысістеу

қабілетін бағалау: 29.03.2024

Сұхбат: 03.04.2024 (15-00)

Анықтама телефоны:87164421870

E-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 181 109

Блок - С

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазыматауы:

          «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің бас маманы, «E-4» санаты.

 

Функционалдық міндеттері:

Аудан аппаратының заңды және жеке тұлғаларының өтініштерін есепке алуды жүргізу, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне ("тұлғалардың өтініштері", "жеке қабылдау" деректер базасы) тұлғалардың өтініштері бойынша деректердің сапалы және уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету, аудан әкімінің аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуына мониторинг жүргізу. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппаратының басшысының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, аяқталған істерді есепке алу және сақтау, оларды архивке дайындау және тапсыру, бланкілік өнімге тапсырыс беру және есепке алу бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыру. Істер номенклатурасын жасау және аудан әкімі аппаратының құжаттарынан үзінді көшірмелер беру. Аршалы ауданы әкімінің аппаратына түсетін жеке және заңды тұлғаларды қарау мерзімдеріне ішкі бақылауды жүзеге асыру. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғаларының өтініштері бойынша есептілікті қалыптастыру.

 

Білімі бойынша талап:

          педагогика ғылымдары немесе бизнес, басқару және құқық немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария салалары  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының                    9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
14 марта 2024