«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-әрекетері бойынша есебі

«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы іс-әрекетері бойынша

есебі

«Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Байланыс ақпараты: Михайлов аулы, телефоны 8 716 44 2-36-34

Қабылдау мереке және демалыс күндерінен басқа жұмыс күндері жүзеге асады, 09.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 ден 14.30-ға дейін.

 

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушыларға тең қол жеткізу;

-мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

- мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

- мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

- мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

 

Мемлекеттік мекеме бес мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» ;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» ;
  4. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»,
  6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

 

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 182 қызметті құрады.

 

Оның ішінде:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 3 : веб-портал арқылы электрондық нысандағы барлық қызметтер . Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» -7 қызмет (5 қызмет -1 кезең, 2 қызмет -2 кезең), барлық қызметтер веб-портал арқылы электрондық нысанда. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

Веб-портал арқылы электрондық нысанда 5 дәлелді бас тарту берілді.

«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату» -1, оның ішінде 1 Мемлекеттік орган арқылы қағаз нысанда көрсетілетін қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

«Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» -1, оның ішінде 1 Мемлекеттік орган арқылы қағаз нысанда көрсетілетін қызмет.

Округ әкімдігінде «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 165 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 77-ЭЦҚ қашықтан алу, 9-соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, 24-медициналық ұйымға тіркелу, 1-Наркологиялық ұйымнан анықтама беру, 1-Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру. 15 - тұрғылықты жері бойынша тіркеу, 6-зейнетақы аударымдары туралы анықтама, 1-тіркеуден шығару, 3 - әскери есепке қою және шығару, 3-Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату, 1-тұрғылықты жері бойынша 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу, 1-фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер беру "Фтизиатрия", құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу-1, 3-мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий - курорттық емдеуге қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу, 2 - жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы ұсыну, 3 - жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәлімет, 1-Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 1 - заңды тұлғаларды тіркеу қайта тіркеу туралы анықтама, 7-тракторларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, 3-Сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы адамның мәлімет беруі, 1-Мұрағаттық анықтама беру, 1-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз, электрондық.

       Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Михайлов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында стендтерде орналасқан. Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz. Әкімдіктің Instagram парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

Қызмет туралы есеп

       Жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ.

2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан «Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

       Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) бейтараптық;

4) сенімділік;

       Көрсетілетін қызметті алушылардың сапа, уақтылық, қанағаттану өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2022 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді және жүргізілуде.

- мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзудың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі: тиісті құқықтық актімен Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға бекітілді, қызмет көрсетудің уақтылығына мониторинг жүргізіледі;

- электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуетті алушылардың хабардарлығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде тұтынушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау (күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы шарттары, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, мемлекеттік қызметтерді алу үшін үлгілері бар стендтердің болуы )

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастыру.

 

Михайлов ауылдық округі әкімінің м.а.                             Д. Беляева

Дата публикации
01 марта 2024