2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласында
«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі
«Аршалы ауданының Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген ауыл, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызмет «Дипломмен ауылға» әлеуметтік бағдарламасы аясында қызмет көрсетеді, яғни бұл 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Аршалы ауданының ауылдық жерлеріне осы бағдарламаны іске асыру барысында Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен жас мамандар жұмыс істеуге және тұруға келе бастады.
Аталған жобаны іске асыруда енді ғана дипломдарын алған оқу орындарының түлектері, сондай- ақ үш жылдан кем емес ішінде ауылға жұмыс істеуге және тұруға келген еңбек өтілі бар мамандар қабылданып қатысты.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 105 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) бекітілді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ақпараттандыру объектілері - Баспана Маркет otbasybank.kz/programm-bank жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыны денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасасу қажеттігі туралы Порталда хабардар ету. білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік Порталда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген кенттердің, ауылдық округтердің, есепке алу және кезекке қою немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы.
1) жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомасындағы көтерме жәрдемақы (345 000 теңге);
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомасында бюджеттік кредит (5 175 000 теңге), мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит сомасының жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-анасынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілерінен және апа-сіңлілерінен) сатып алуға, сондай - ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй - жайды сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары.
Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9 - 00-ден 18 – 30 - ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 13 - 00-ден 14 – 30 - ге дейін.
Портал - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
2023 жылы «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік қолдау шараларын алуға ниет білдірген әлеуметтік сала мамандарынан 114 - өтініш келіп түсті. 114 - өтініш бойынша - оң қаралды.
Мемлекеттік қызметті қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мақсатында электрондық мемлекеттік қызметтердің өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды. Аталған жерде мемлекеттік қызметті алушылар ХҚКО - ға жүгінбей, ҚР электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігіне ие болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат экономика және қаржы бөлімінің ғимаратында ақпараттық стендте, сондай - ақ «Вперед» газетінің басылымында және әкімнің электрондық сайтында және Instagram, Facebook жұмыс сайтында орналастырылған.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ.