«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

                          «Аршалы  ауданы әкімінің аппараты» ММ

                           конкурс туралы ақпарат

 

          Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.02.2024 - 28.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.02.2024

Мәтіндік және сандықа қпаратпен жұмысістеу

қабілетін бағалау:

Сұхбат:

Анықтама телефоны:87164421870

E- G-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

Блок - Б

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазыматауы:

          «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, «E-4» санаты.

 

Функционалдық міндеттері:

Конкурстарды, тәртіптік комиссияларды ұйымдастыру және өткізу. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты жұмыстар кешенін орындау, кадрлық жұмыс бойынша есепке алу құжаттамасының толық және тиісті жағдайын қамтамасыз ету және жүргізу. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін әскери есепке алуды және брондауды жүргізу. Кент, ауылдық (селолық) округ әкімдерін, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де лауазымды тұлғаларымен қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісу рәсімін ұйымдастыру. Қызмет бағыттары бойынша «Е-қызмет» ИАЖ жүргізу.

 

Білімі бойынша талап:

          педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе қызметтер саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының                                     9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

        жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
23 февраля 2024