Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері 30 қаңтарда Михайловка ауылының жалпы білім беретін мектебінде №145 учаскелік сайлау комиссиясы ұйымдастырған «Не? Қайда? Қашан?» сайлау құқығы бойынша танымдық-құқықтық ойынға қазылар алқасы ретінде қатысты. Ойынға жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер және әкімдік, балабақшаның мамандары қатысты.
Аршалы кентінің №2 мектебінде және Ижевское ауылының мектебінде 8-11 сынып оқушыларына «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді, Шортанды ауылының мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «Жастар және сайлау» зияткерлік ойыны өткізілді, Бұлақсай ауылының кітапханасында халықпен кездесу өткізілді, Арнасай ауылының мектеп базасында «Мен болашақ сайлаушымын» дөңгелек үстелі өткізілді, Жалтыркөл ауылының мектебінде «Неге сайлауға қатысу керек?» пікірсайыс өткізілді. Барлық іс-шараларды учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өткізеді.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың азаматтық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыру. Жас сайлаушылардың қоғамдық-саяси өмірге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық ойлауды дамыту. Жас ұрпақты белсенді азаматтық ұстанымға және сайлау компанияларына қатысуға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
