Дүниежүзілік сайлау күніне арналған аптаның басталуы

29 қаңтарда Аршалы ауданында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған апта басталды. Ауданның учаскелік сайлау комиссиялары Аршалы кентінің, Ақтасты, Бірсуат, Түрген, Арнасай, Бабатай, Михайловка, Жібек жолы, Жалтыркөл, Шортанды ауылдарының мектептерінде, кітапханаларында оқушылармен «Мен – болашақ сайлаушымын», «Сенің сайлау құқығың», «Бүгін – оқушы, ертең – сайлаушы», «Сайлау құқығы-бұл не?», «Біз болашақ сайлаушылармыз» тақырыптарында сынып сағаттарын, мектептер мен кітапханалар ұжымдарымен сайлаушылардың құқықтары туралы түсіндірме әңгімелер, «Менің алғашқы сайлауым» іскерлік ойыны, «Барлық азаматтардың сайлау құқығы» тақырыптағы пікірталастар өткізді, ақпараттық-тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты жастардың сайлауға қатысуға, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыруға деген қызығушылығын оятуға ұмтылу болып табылады.

Біздің болашағымыз бен жақындарымыздың болашағын анықтайтын билікті қалыптастыру үшін кімге жас емес, жоғары жауапкершілік жүктеледі!

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 января 2024