Дүниежүзілік сайлау күні

2024 жылғы 1 ақпанда 2005 жылғы 14-17 қыркүйекте Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясы аясында құрылған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.  25 мемлекет мүше болып табылатын Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасы бойынша, атап айтқанда Қазақстан да бұл күнді жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтеді.

Дүниежүзілік сайлау күнін құру арқылы сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуды мақсат етті.

Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары қоғамның санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету, жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарға бейілділігін қалыптастыру, сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру болып табылады.

Аршалы ауданының сайлау процесінің барлық қатысушыларын Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтаймыз!

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 января 2024