Аршалы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға төмендетсін.
- Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.