Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау қорытындылары туралы хабарламасы.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиясы Аршалы ауданында сайлауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
5 саяси партия мен 2 қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жаңа құрамына сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайланды.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабында және 2-тармағында, 20-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссиясының бірінші отырысында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы, орынбасары және хатшысы сайланды.
Аршалы ауданының тұрғындарына облыстық мәслихаттың сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы шешімін және комиссияның орналасқан жерін жеткіземіз.
Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы 12-ші кезектен тыс сессиясының "Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы" № 12/2 шешімі.
🔹 Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: төраға-Акубасова Сәуле Барлыбайқызы, төраға орынбасары-Темербеков Айдар Сансызбайұлы, хатшы-Граф Ксения Александровна, Комиссия мүшелері: Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы, Асанова Людмила Сабировна, Ниевина Татьяна Васильевна, Айтбанов Алиби Маханбетыярович.
🔹 Орналасқан жері: 020200, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі 47, "Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ ғимараты, тел. 8 (716) 44 2-18-80
Аршалы аудандық мәслихаты