Аршалы ауданы Сараба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын 2023 жылдың 24 желтоқсанға тағайындау туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданының Сараба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қарашадағы №129/464 қаулысына сәйкес 2023 жылдың 24 желтоқсанға Сараба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.

Бұдан басқа, Сараба ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында)

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
15 ноября 2023