«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.11.2023 07.11.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 08.11.2023

Мәтіндік және сандықа қпаратпен жұмысістеу

қабілетін бағалау: 11.11.2023

Сұхбат: 15.11.2023 (11-00)

Анықтама телефоны:87164421870

E-R-3 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

Блок - А

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазыматауы:

«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, «E-R-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі, тұрғын үй қорын басқару салаларындағы елді мекендер шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекаралары шегіндегі қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындау, шығыстар сметасын келісу, жұмыстардың сапасын бақылау. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару және орындалуын бақылау. Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу. Кондоминиум объектілері мен оның инженерлік жабдықтарының ортақ мүлкінің техникалық жай-күйін бақылау, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуы. Кондоминиум объектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу. Бақылаудағы объектілердің иелеріне, көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсету. Функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларға жауап беру. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларында (инженерлік жүйелер мен желілер немесе жылу және электр энергетикасы немесе автоматтандыру және басқару) саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
01 ноября 2023