2023 жылғы 24 қыркүйекте Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің Бұлақсай сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша
Бұлақсай сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 746 азамат енгізілді, олардың 409 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 12.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Н. Жанат. - 233; Г.А. Ивликов – 8;Х. Хавджалел Х. – 131.
Бұлақсай ауылдық округінің әкімі болып Нұрбол Жанат сайланды, 1992 жылы туған, «Бұлақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Бұлақсай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Аршалы аудандық сайлау комиссиясы