«Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.09.2023 - 19.09.2023
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.09.2023
Мәтіндік және сандықа қпаратпен
жұмысістеу қабілетін бағалау: 25.09.2023
Сұхбат: 28.09.2023
Анықтама телефоны:87164421870
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 210084
Блок - В
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазыматауы:
«Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы, «E-R-4»санаты
Функционалдық міндеттері:
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша Мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлейді. Конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеуге, конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға қатысады, Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландырулар орналастырады, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарайды, заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды. Облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жүзеге асыратын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға талдау жүргізеді.
Білімі бойынша талап:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе құқықтану).
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.