«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Аршалы  ауданы әкімінің аппараты» ММ конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:

Мәтіндік және сандықа қпаратпен жұмысістеу қабілетін бағалау:

Сұхбат:

Анықтама телефоны:87164421870

E-3  санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 327923

Блок - А

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазыматауы:

«Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызмет бөлімінің басшысы, «E-3» санаты

Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметіне басшылық жасау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу. Аудан әкімінің және аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімі аппаратының қызметінде құжаттандыруды және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметін жүргізуіне бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және қарастыру; аудан әкімі мен оның орынбасарларының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; жоғары тұрған органдардың құжаттарын басқару және құжаттардың орындалуын бақылау; аудан әкімі аппаратында электрондық құжат айналымын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының және жоғары тұрған органдардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру.   

Білімі бойынша талап:

педагогика ғылымдары немесе бизнес, басқару және құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат салалары жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не соттәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
12 сентября 2023