2023 жылғы 24 қыркуйекте белгіленген Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2023 жылғы 23 тамызда Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсынған үш кандидаттан құжаттар келіп түсті.

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.

2023 жылдың 24 қыркуйекте тағайындалған Бұлақсай ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылдың 17 тамыздан бастап ағымдағы жылдың 29 тамызға дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

2023 жылғы 24 қыркуйекте белгіленген Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама
Дата публикации
23 августа 2023