Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылдың 24 қыркүйекке тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 16 тамыздағы №96/428 қаулысына сәйкес 2023 жылдың 24 қыркүйекке Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында)
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы