Қаулысы
№1/281 2023 жылғы 6 қаңтар
2023 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауында республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33 бабы 1-1, 2-1 тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдарда, теле -, радиоарналарда жарияланымдар көлемін дербес қайта бөледі.
Төрағасы М. Садуов
Хатшысы А. Куштаева
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1/280 қаулысына
1-қосымша
Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін сайлаушылар саны 2000 адамға дейін
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында сөз сөйлеу;
3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты) - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1/280 қаулысына
2-қосымша
Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін сайлаушылар саны 2001 ден 5000 адамға дейін
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында сөз сөйлеу;
3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты) - 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1/280 қаулысына
3-қосымша
Республикалық бюджет қаражатынан жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін сайлаушылар саны 5000-нан астам адам
1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа парағынан аспайтын екі мақаланы жариялау - 50 000 (елу мың) теңге сомасында;
2) бағдарламамен теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында сөз сөйлеу;
3) бағдарламамен радиода 10 минут сөйлеу - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
4) үгіт материалдарын шығару - 80 000 (сексен мың) теңге сомасында;
5) үй-жайларды жалға алу-10 000 (он мың) теңге сомасында;
6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына байланысты) - 50 000 (елу мың) теңге сомасында.