2023 жылғы 4 маусымда Аршалы ауданы Анар ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 4 маусымда Аршалы ауданы Анар ауылдық округі әкімінің Анар сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

         Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Аршалы ауданы Анар ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Анар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Анар сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 897 азамат енгізілді, олардың 646 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 25.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйсекин А.Т. - 53; Игенбаев С.К. – 72; Мұсабеков Б.Н. – 483. Анар ауылдық округінің әкімі болып Біржан Нұрғалиұлы Мұсабеков сайланды, 1992 жылы туған, Аршалы кенті әкімінің орынбасары, Аршалы кентінде тұрады, «AMANAT» ҚБ партиясымен ұсынылған.    

                                    

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 июня 2023