2023 жылғы 4 маусымына белгіленген Аршалы ауданының Анар ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2023 жылғы 4 маусымына белгіленген Аршалы ауданының Анар ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

 

2023 жылғы 2 мамырда Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес «АМАНАТ» ҚБ партиясынан ұсынылған бір кандидаттан құжаттар келіп түсті.

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы ауданының Анар ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.

2023 жылдың 4 маусымына тағайындалған Анар ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылдың 27 сәуірден бастап ағымдағы жылдың 9 мамырға дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 мая 2023