Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттарын зерделеу мақсатында 2023 жылғы мамырында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу үшін Аршалы ауданы әкімі аппаратының заң қызметі басшысы Гульнара Серекбайқызы Есенғартоваға ағымдағы жылдың 14 сәуіріне дейін (қоса алғанда) мына телефон бойынша хабарласуға болады: 5-15-75.