«Ақбұлақ селолық округінің әкім аппараты» Мемлекеттік мекеме. Байланыс ақпараты: Аршалы ауданы, Ақбұлақ ауылы, Достық көшесі-54, телефоны: 8 716 44 2 43 34. Қабылдау демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс күндерде сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызметтер келесі басты қағидаттар негізінде көрсетіледі:
нәсіл, ұлт, тіл, дінге қатынасы, пікір, тұратын жері немесе басқа жағдайларының себептері бойынша ешқандай кемсітушіліксіз тең мүмкіндіктер;
- мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерін көрсету арқылы үнемділігі және нәтижелілігі;
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерінің келесі түрлерін көрсетті:
Ауылдық округінде өзіңе-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды.
ЭҮП (өз-өзіңе қызмет ету «Egov» бұрышы) арқылы 163 (жүз алпыс үш) қызмет көрсетілді, о.і.:
- « Наркология » Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну-
29 қызмет;
- « Психиатрия » Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну-
30 қызмет;
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу туралы шешім беру – 4 қызмет;
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алудан бас тарту туралы шешім беру – 4 қызмет;
2022 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің жалпы саны – 174.
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 140 азамат.
Мемлекеттік қызметтерін көрсету қалпы – қағаз, электрондық.
Мемлекеттік қызметтерін көрсету туралы толық ақпараты Ақбұлақ ауылдық округінің әкім аппаратының ғимаратында орналасқан стендтерде орналастырған. Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарының жиындарда қызметтерін көрсету саласында тұрғындардың ұсыныстары және пікірлерін талқылаумен мемлекеттік мекеменің жұмысын жақсарту мәселелері көтерілген.Аршалы ауданы әкімінің сайтында. Әкімдіктің Instagram парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.
Мемлекеттік мекеменің басшылықпен және жауапты қызметкерлерімен көрсетілген мемлекеттік қызметтерін көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізінде өткізіледі. Мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелері бойынша сөгелер болған жоқ.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелер бойынша «Ақбұлақ ауылдық округінің әкім аппараты» Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер пайдаланушылардан арыз түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерінің сапасын бақылауды өткізу, бағалауды, қоғамдық мониторингтің мемлекеттік қызметтерін көрсетуі сапасы келесі қағидаттарға негізделген:
Сапа, уақыттылылық, қызмет алушылардың қанағаттылығы, мемлекеттік қызметтерін көрсету үдерістерінің айқындығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерін көрсету саласында мемлекеттік органдарының іс әрекетін әрі қарай жетілдіру үлгілері бойынша көрсеткіштерін жақсарту мақсатында 2022 жылға бекітілген іс шаралар жоспарларына сәйкес келесі бағыттар бойынша жұмыс өткізілген және өтіп жатыр:
алдын алу бойынша жұмыс тұрақты негізінде өткізіледі: сәйкес құқықтық актімен мемлекеттік қызметтерін көрсетуге жауапты тұлға бекітілген, қызметтерін көрсету уақытылылық мониторингі, мемлекеттік қызметтерін көрсету пайдаланушылардың қанағаттандыру талдауы жүргізіледі;
- мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы әлеуетті ақпараттандыруды жақсарту бойынша, оның ішінде электронды нысанда және ХҚКО РМК арқылы (бұқаралық ақпарат құралдарын тартумен) жұмыс жүргізіледі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерістерінде тұтынушылар үшін жайлы жағдайларды жасау бойынша шараларды қабылдау (күтудің ұтымды жағдайы және қажетті құжаттарды дайындау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, ақпаратпен стендтердің болуы және мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті нұсқаларымен және т.б.);
регламенттерді қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, семинар-мәжілістерді, 2023 жылғы наурызда, тамызда округінің тұрғындармен кездесулерді өткізу жоспарлауда.