«Анар ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары қызметінің 2022 жылға есебі

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке ауданның жергілікті атқарушы органдары, Аршалы кенті және ауылдық округтер әкімдері, мектеп және мектепке дейінгі мекемелер көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

            2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі

          2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 139 құрады: - электрондық түрде - 26 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-3 қызмет..

          Анар ауылдық округі әкімінің аппаратында "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 110 электрондық қызмет көрсетілді.

           3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу); Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.        

           Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Анар ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан стендте орналасқан, Аршалы ауданы әкімінің сайтында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

           2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

         "Анар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ қызметі туралы есеп көпшілік талқылау үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

            1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Анар ауылдық округі әкімдігінің

2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері жөніндегі

қызметінің есебіне қосымша

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

   

-

   

-

-

Дата публикации
28 февраля 2023