«Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме. Байланыс ақпараты: Аршалы ауданы, Бірсуат ауылы, Бейбітшілік көшесі 9, телефондары: 8 716 44 2 55 34, 8 716 44 2 72 00. Қабылдау демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметтер келесі басты қағидаттар негізінде көрсетіледі:
-көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
2022 жылда мемлекеттік мекеме арқылы қағаз түрінде келесі мемлекеттік қызметтерінің түрлері көрсетілді:
ЭҮП (Электрондық үкімет порталы), яғни "Е-gov" өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы-243 қызмет берілді, оның ішінде:
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама-19 қызмет
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама-16 қызмет
Зейнетақы аударымдары туралы анықтама-56 қызмет
Наркологиялық ұйымнан анықтама-7 қызмет
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама-8 қызмет
Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама-6 қызмет
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу -2 қызмет
Медициналық ұйымға тіркелу – 26 қызмет
Мүгедектікті растау туралы ақпарат алу- 2 қызмет
Дербес кредиттік есепті алу-1 қызмет
Вакцинация паспортын беру-4 қызмет
ЭЦҚ алу-83 қызмет
ЭЦҚ қайта шығару-1 қызмет
ПМПК қорытындысы - 1 қызмет
Арнайы мүгедекті қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу. көлік құралдарымен -1 қызмет
Жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметтерді қамтитын техникалық паспортқа қосымша-1 қызмет
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу-7 қызмет
Тіркеуден шығару-1 қызмет
Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны туралы мәліметтер беру-1 қызмет
– Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату-түскен жоқ.
2022 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің жалпы саны – 256қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бірсуат ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы стендтерде орналасқан.
Тұрақты негізде жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) шынайылық;
2021 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарларына сәйкес сапа, уақтылылық, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы өлшемдері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді және жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзуға жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі: мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға тиісті құқықтық актімен бекітілген, қызмет көрсетудің уақтылығына мониторинг жүргізіледі;
- мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, 2021 жылдың сәуір, қыркүйек айларында округ тұрғындарымен семинар-кеңестер, кездесулер өткізу жоспарлануда;
-өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы үшін карт-ридер және жаңа ұйымдастыру техникасы бар.