2022 ж. мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде Булаксай ауылдық округінің әкімі Соколов Александр Григорьевичтың есебі

Мемлекеттік қызмет мына қағидалар бойынша корсетіледі:

  1. Қызмет алушыларға мәртебеге, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген басқа жағдайларға байланысты ешқандай кемсітушіліксіз қызметтерге тең қол жеткізу.
  2. Мемлекеттік қызмет корсетуде бюрократизмге, сөзбұйдаға салуға жол бермеу.
  3. Мемлекеттік қызмет корсету саласында есеп беру және ашықтық.
  4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы және қол жетімділігі.
  5. Мемлекеттік қызмет корсету үдерісін үздіксіз жетілдіру.
  6. Мемлекеттік қызмет корсетудің үнемділігі және нәтижелілігі.

       2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген қызметтердің саны 3 еседен астамға өсті, әрбір мемлекеттік қызмет үшін Реестрде стандарттар қабылданды.Тұрақты негізде бизнес үдерістерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, қызметтер «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Электрондық үкімет» порталы және биылдан бастап ГБД «Е-лицензирование» арқылы қызмет көрсету негізінде жүзеге асырылады. 2010 жылғы бағалауды жасау сәтінен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік аппарат жұмысында негізгі бағыттардың бірі болып қала бермек және қалып отыр.

 2016 жылы ұлттың «100 нақты қадам» Жоспары мен «Ақпаратқа

қолжетімділік туралы» Заңда көзделген реформалар контекстінде мемлекеттік органдардың ашықтығына баға беріледі.  Осы бағытта осы мемлекеттік органдардың жариялануы және олардың орналастырудың уақытылығы болуы, мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара байланысын бағалау болып табылады.

        «Бұлақсай ауылдык округ акімнің аппараты» ММ алты түрлі мемлекеттік қызмет корсетеді: білім беру саласында-«Жалпы білім беретін ұйымға және қайтадан үйіне ақысыз тасымалдауды қамтамасыз ету»; жер қатынастар саласында-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,  «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттыкты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» және «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

          2022 жылы ММ  17 мемлекеттік қызмет көрсетілді:                                                                     

 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 9 қызмет;

 «Сауда-саттыкты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 8 қызмет;

        2022 жылы мемлекеттік органға өтініш білдірген және мемлекеттік қызмет алған  тұлғалардың саны 29 адам, барлығы жеке тұлға.

          17 мемлекеттік қызмет білім беру саласы бойынша ХКҚО арқылы көрсетілді, қалғандары ГБД «Е-лицензирование»  арқылы көрсетілді.     

 2022 жылы өткізген талдауға қарағанда ең талап етілетін мемлекеттік қызмет- жер қатыныстары саласы бойынша түрлері жүреді.   Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат әкімшілік ғимаратында көрсетілген, сонымен қатар мемлекеттік қызметті электрондық үкімет арқылы алудың, және мемлекеттік қызмет қөрсету бойынша шағымданудың келушілерге арналған ақпарат стенді бар.

           2022 жылда «ГБД «Е-лицензирование»-мен жұмыс істеу»    тақырыбында мемлекеттік қызмет қөрсетудің сапасын жақсарту негізінде 1 жиналыс өтті.

           2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызмет алушылардан «Бұлақсай ауылдык округ әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.          

           2022 жылдың мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша қоғамдық талдау болған жоқ.

Дата публикации
28 февраля 2023