2022 жылғы «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

        Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

       2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

       Мемлекеттік мекеме 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 662 қызмет көрсетілді.

  1. «Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау» Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 2022 жылы 12 қызмет көрсетілді.
  2. «Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, олардың тіркемелері, арнайы машиналар».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ХҚКО арқылы 120 қызмет көрсетілді.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 81 қызмет көрсетілді.

  1. «Басым дақылдарды, оның ішінде көпжылдық екпелерді өндіруді субсидиялау».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 56 қызмет көрсетілді.

  1. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 10 қызмет көрсетілді.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру».

Бір жылда мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен жоқ. 2022 жылы 0 қызмет көрсетілді.

  1. "А", "В", "Г", "Б" және "Д"санаттарындағы тракторшы-машинист куәлігін алу".

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 35 қызмет көрсетілді.

  1. «Тракторшы-машинист куәлігін"қарда жүретін көліктерді, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етілген"деген жазбамен алуға болады».

Бір жылда мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен жоқ. 2022 жылы 0 қызмет көрсетілді.

  1. «Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 35 қызмет көрсетілді.

  1. «Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 1 қызмет көрсетілді.

  1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік олар үшін нөмірлік белгі».

Бір жылда мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен жоқ. 2022 жылы 0 қызмет көрсетілді.

  1. «Машиналарды тіркеу».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 40 қызмет көрсетілді.

  1. «Машиналарды қайта тіркеу».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 75 қызмет көрсетілді.

  1. «Машиналарды тіркеу есебінен шығару».

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 50 қызмет көрсетілді.

  1. «Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу».

     Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық. 2022 жылы ЭҮП арқылы 6 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ ақпараттық стендінде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ бөлімнің интернет-ресурстарында жарияланады.

   Бөлім мамандары әр үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

        Ақпарат байланысы:

        Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Ташенов көшесі 47, телефон номірі                 2-13-56.

       Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

Дата публикации
28 февраля 2023