«Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (бұдан әрі - Бөлім) өз қызметін Аршалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № А-417 қаулысымен бекітілген ережеге, сондай –ақ «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағарламалар бөлімі» ММ ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 наурыздағы №А-113 қаулысына сәйкес қызмет етеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құжаттарды қабылдау бөлімнің бас мамандары жүзеге асырады.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес, Бөліммен 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
3) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
4) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
5) Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
6) Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
7) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
8) Оңалтту дан тұлғаларға куәліктер беру
9) Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
10) Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
11) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
12) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
13) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;
14) Тұрғын үй көмегін тағайындау;
15) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
16) азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою;
17) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
18) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
19) Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
2022 жылы барлығы 3584 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 1849 (51,6 %), электрондық түрде 917 (25,6 %), тікелей мемлекеттік органда 388 (10,8 %).
Бір мемлекеттік қызмет: "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау " - аудандық бюджетте қаражаттың болмауына байланысты көрсетілмейді.
2022 жылы ең көп сұранысқа ие қызметтер: "Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"; "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру", "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу", "Мүгедектерді сурдотехникалық, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу", " Мүгедектерді қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу "Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу".
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Аршалы ауданы әкімінің сайтында, Бөлімнің ақпараттық стендтерінде орналастырылған. Стандарттар Аршалы ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.
Аршалы ауданы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды жақсарту жөніндегі 2023 жылға бекітілген жұмыс жоспарын орындау үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стендтерді жаңарту, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру және электрондық қызметтерді алуды танымал ету бойынша (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау) жұмыстар жалғастырылатын болады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды бөлім басшысы және жауапты қызметкерлер тұрақты негізде жүргізеді.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.