«Аршалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме. Байланыс ақпараты: Аршалы ауданы, Аршалы кенті Ж.Ташенова-47 телефон: 8 716 44 2 20 04. Қабылдау демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс күндерде сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерінің келесі түрлерін көрсетті:
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру.
- Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану.
2022 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің жалпы саны-68
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселері бойынша «Аршалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтер пайдаланушылардан арыз түскен жоқ.