Аршалы ауданы Аршалы кенті әкімінің Д.И.Иванюктың 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметінің есебі

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Аршалы кентінің жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есепте жергілікті атқарушы орган, «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтер саны: «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ, мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 1253 құрады, оның ішінде: жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-16; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (бірінші кезең – 14, екінші кезең - 5) – 19; мемлекеттік мекемеде орналасқан жер учаскелеріне құқықтар алу сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін меншік (бірінші кезең - 71, екінші кезең-32) - 103; жер телімін жеке меншікке біржолғы не бөліп – бөліп сату-15; жер телімін алуға кезекке қою – 1100.

«Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ-де «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 53 қызмет көрсетілді.

3) Сұранысқа ие  мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

2022 жылы сұранысқа ие «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»; «Жер телімін алуға кезекке қою» аса сұранысқа ие қызметтер болды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ стендінен алуға болады. Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz. аудан әкімдігінің Instagram парақшасында, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер жария талқылауға арналған Сайтта және аудан әкімінің Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылы «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ-де шағымдар тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, «Сервистік мемлекет» моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады.

 

Аршалы ауданы әкімдігінің

2022 жылғы мемлекеттік

қызметтер көрсету мәселелері

жөніндегі қызметінің есебіне

қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

а Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған Орган (ұйым)

Қаралған күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

-

-

Дата публикации
28 февраля 2023