1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке ауылдық округтің көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
- мемлекеттік қызметтердің саны: ауылдық округ әкімдіктерімен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі.
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -3.
- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны- 6, оның ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қызметтердің саны -3.
2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 10 000 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 4; - электрондық түрде - 9924 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-72 қызмет.
2) Ауылдық округ әкімі аппаратынан "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2338 электрондық қызмет көрсетілді. Және де 1 баннер eGov mobile орнатылған.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; ); Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою".
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органның стенділерінен алуға болады. Аршалы ауданы әкімінің сайтында www.gov.kz, аудан әкімдігінің Instagram парақшасында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін ауылдық округ әкімінің сайтында және инстаграм парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде 51 мақала жарияланды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2022 жылы "Жібек жолы ауылдық округ әкімінің аппараты"ММ-не үш шағым тіркелген.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Жібек жолы ауылдық округі әкімдігінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері жөніндегі қызметінің есебіне қосымша
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Мергенбаев А.Ж. |
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту туралы 2022 жылғы 16 маусым KZ52VVX00124301
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті |
05.09.2022 |
Тексеру нәтижелері бойынша акт №119
|
Бұзушылыық анықталған жоқ |
- |
|
Мергенбаев А.Ж. |
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту туралы 2022 жылғы 16 маусым KZ52VVX00124301
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті |
12.10.2022 |
Тексеру нәтижелері бойынша акт №263
|
Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама №263 от 12.10.2022 |
- |
|
Шулакова Д.А. |
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту туралы 2022 жылғы 10 қараша KZ85VBH00156829 2022 жылғы 17 қараша KZ20VBH00157514
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті |
0771272022 |
Тексеру нәтижелері бойынша акт №152
|
Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама №152 от 07.12.2022 |
2022 жылғы 22 желтоқсан KZ34VBH00161336 |