Аршалы ауданы «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Түрген ауылдық әкімі аппаратының есебіне "Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат: мемлекеттік қызмет көрсету- қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтердің саны: ауылдық округ әкімінің аппаратымен 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

- Қазақстан Республикасының 15 сәуір 2013 жылғы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24 бабының негізінде мемлекеттік қызметтер  тегін көрсетіледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 14 ді  құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы -  0 ; - электронды түрде -    (ЭҮП Ақпараттық жүйелер) 11; - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-   3 қызмет.

Түрген ауылдық округі әкімінің аппаратында "E-gov"өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 175 электрондық қызмет көрсетілді

.3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызмет көрсету  туралы ақпарат. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мыналар болып табылады: Конкурстар (конкурстар, аукциондар) талап етілмейтін мемлекеттік жер учаскелеріне құқықтарды алу – 11, нәтижесі – 7 – оң, 4 – теріс; 2-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару, нәтижесі 2-оң. Жер телімін алуға кезекке қою -51.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты: Түрген ауылдық әкімі аппаратының стендінен, әкім аппаратының телефоны бойынша алуға болады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде 1414.бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілікте талқылаулар туралы ақпарат.

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер көпшілік талқылаулары үшін аудан әкімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылдың 1 қаңтары  мен 31 желтоқсан аралығында  мемлекеттік қызмет алушылардан «Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ  мемлекеттік қызметтің көрсетілуі  бойынша  арыз-шағымдар түскен жоқ. 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі - азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері жөніндегі қызметінің есебіне қосымша

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қаралым күні

шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2023